Басты бет » Әдебиет » Поэзия » Бавуугийн Лхагвасүрэн. Өлеңдер

Бавуугийн Лхагвасүрэн. Өлеңдер

Бұлт қамаған күнді күтіп,

Сертіңді аңсап семеді ес.

Сенің әурең

Шөппен тасты егегеннен

Кем емес.

Жуық маңда мендейлерді

Бақытты етпес түрмесің-ау! «Түрмесің»…

Ақ кербезім, тәу етейін Мәжнүн болып жүргесін.

Бек сезімді көмейін де табаныңның астына.

Сосын, сосын аулақ салам мәңгі

өмірдің іргесін.

Басқалардың бал ернінен ұмсынып кеп

Өпсең кем…

Сонда менің махаббатым көтереді

Өкшеңнен.

1988. Шыңғыс тауы

Күз айы

Мұнар шығы  көлкіген салқын түннің лебі,

Ай дидары мөлдіреп, әр бұтада түнеді.

Шөмеленің түбіне -

Шөккен суға түнеді Ай.

Шаңқан үйдің төріне көктен сұлап

Түнеді Ай.

Үш өзеннің кәусарын көксей жүріп үнемі

Үйек тұма бетінде қып-қызыл мас

Түнеді Ай.

1962 жыл.

***

Тағаттың шыңы құлаған,

Құлаған сол бір іңірде

Құшақтап сені

«бір адам»…

Махаббат балын сіміргем.

Содан соң қалай?…

Білмедім.

Жұлдыздар ақты иіліп.

Бір қанша гүлдер гүлдеді,

Бір қанша гүлдер қиылып.

Мамықтай жұмсақ шөп «жылы»,

Сақтады бізді «үсітпей».

Сен жаттың шоқ-шоқ көк жұлып,

Қысылып зады күшіктей…

Қап-қара шашың –

Арай шын.

Қап-қара көзің

Тесіліп.

Мұңдана маған қарайсың,

Ерлердің «ісін» кеш ұғып…

Көзіңнің жасы ақты көп,

Жуадай жасып солдың кем.

Еркелей келген «ақ білек»

Екінші сорың болдым мен.

Сен екеуміз

Күн нұры төбеден тұнған,

Жер әлем — берекелі үйіміз.

Көк Тәңірін көтеріп тұрған,

Қос бағана сен екеуміз.

Мұзарт шыңдарды үзігім десем,

Ұсақ төбелер – жең, етегіміз.

Бес қанат кереге бекем,

Өбіскен,

Белдеудің екі ұшы сен екеуіміз.

Баба түтінін тарихым десем,

Балықтай үндес берекеліміз.

Алауын сыйлаған алтын ошақтың

Жақын жалыны — сен екеуіміз.

1985.12.10.

Кездеспеймін, қинама,

Екеумізді қатар бөлді

Тұман – күш.

Асам зейнет,

Қасаң бейнет сыйлаған,

Жоқ кеңістік шындығы

Құдай, сізге мың алғыс!

Көзге түсті ноғала,

Кебенегім  зілдей ауыр…

Обал, ә?!

Сен жолықсаң құдайға

«…сағыныштың азабынан айырар

Сайтан жібер» дегейсің,

Тез  айықсын зобалаң.

1989 жыл.

Жүз Өзеннің тасы

Сыбырлайды бір Абыз:

Ұлым! Білесің бе? Бұл – аңыз.

Қарлығаштар ұясын салар кезде қырағы,

Жарқабақтың астында жаурап жатқан тары – шым,

Ағындағы құмқайрақ, жел мүжіген

Кәрі Шың.

Күнге күйген қайыршақ,

Бәрі, бәрі, бәрісін.

Түрлі һәм қырлысын, жұмсағы мен

Сырлысын,

Әкеледі ұяға.

Сыбырлайды бір Абыз:

Ұлым! Білесің бе? Бұл – аңыз…

Алтын бауыр ай қанат суық тасты

Жылытып,

Қырларын майдалап,

Құрау-құрау қыштардан құндақ салар

Тәп-тәуір.

Тағы айтады ұлы Абыз,

Қарап тұрып балаға:

Ақ қарлығаш аяулы ұшар кезде далаға,

Жүз түрлі асыл, жүз жанар

Қорған болған «балаға».

Жүз көз тана сол маңда

Түз құсының ұйтқысы.

Ұя тұрған қияға жоламады Итқұсы.

Көп балапан (есалаң?…)

Ұшқанда алғаш қияға,

(Ойласа ойға сия ма?!)

Қарамайды, не шара?

Анасы мен ұяға.

Берекесіз бірлікке бетін бұрды бұла Күз

Теңдігі жоқ  тірлікке.

Күрсінеді Ұлы Абыз…

1981 жыл.

Әуен

Мұңлы қобыз

Әуенімен, үнімен,

Тамырымды аралайды түбінен.

Бар болмысым дірілдейді,

Қан сасып.

Есім ауып,

Екі аяғым жерге тимей

Жүгірем.

Күн отына қарсы жанып

Ылғалмен,

Қалың кигіз қарсыласып

Тұрды әнмен.

Саусақтарым саласынан сорғалап,

Бейдауа әуен көлкілдейді

Бір мәнмен.

Айдың дәйім тік шуағы

Аудандап,

Көл тынысын құшып барып

Сынады.

Жаңа сауған көнектегі

Саумал да,

Ернеуінен емеріліп

Тынады.

Барлық алап, барлық алап

Түгелдей,

Қайта түлеп, түрен үшін

Үн үшін,

Көл бетінде толқын ойнап,

Көжек жон.

Үріккен қаздан үзіледі

Күміс үн.

Қайран әуен, сағым әуен,

Тым ыстық,

Неткен нәзік

Тыныштық.!!!

Тәңір ғайыбы

Ерте кеткен ақындар ескерткіші алдында

Егін басы шыршған қап-қараңғы елеңде,

Тегін тумас бір ақын «жеңіл»

Кетті пәниден.

Ақымақ пен ақылман араласқан әлемде

Жалғыз өзін жасырып,

Жалқы кетті әрине.

Өлең жауған Тәңірден келер,

Парақ қағаздай.

Үшбу хаттың қабына үшкір жебе бекілді.

Жиғанының бәрінен шын безініп,

Тағы аздай,

Жатқан күйі аспанға ұшып кеткен секілді.

Өзегі кең өмірге тәңір берген

Ғайыптай,

Өтірік шын мұңайған

Өрік көздер тоңғанда,

Жұмыр жердің үстінен жұлдыз күліп,

Айықты Ай.

Жұлдыз болды ол сол маңда…

Қалдырғанын ақынның тапқанындай

Талмауға,

Жыбырлаған тышқандар

Жел үрлеген жерге кеп,

Аш өзегін жалғауда.

Олар дегеніне жетті…

Аударған: Сұраған Рахметұлы

______________ Ұқсас мақалалар ______________

Сайтымыздағы жаңа мақалаларға жазылыңыз

Бавуугийн Лхагвасүрэн. Өлеңдер мақаласына 4 пікір

  1. Ardah Жауап беру

    14 Наурыз, 2011 | 08:22

    Osndai web sait ashlgan ulken huansh. Olgeimzdn jeke comi br. Al endi menmen tansatn jgt br bolsa 95413838 ga sms jaznz otnem

  2. shokan Жауап беру

    14 Наурыз, 2011 | 08:55

    ote jaksi olender eken

  3. Tabigat Жауап беру

    17 Наурыз, 2011 | 04:44

    Осы бев сайт арқарай ұлғайа берсін. өте жақсы өлен екен. Іске сәт!

  4. magjan hkyzatuli Жауап беру

    2 Қазан, 2012 | 14:44

    asamualeykum ua raxmatullaxi ua barakatvx axa ote keremet jırlar

Пікір жазу

Сіздің e-mail басқаларға көрінбейді. * таңбасымен белгіленген орындарды міндетті түрде дұрыс толтырыңыз


2 − 1 =