Басты бет » Руханият » Ұлттық киім және біз

Ұлттық киім және біз

Әлемдегі әр халық пен ұлттардың өздеріне тән ұлттық киімдері болады. Әр ұлттың өзіндік нақыштық киім киіну үлгісі бұрыннан соңғыға  мұра болып қалыптасып жалғаса береді. Сондай киім киіну үлгісінің бірі болушы өзіміздің қазақ. Мен бұл жерде байлар мен мәнсаптылар, хан мен төре киініп, басқа кедейлер жалаңаш жүр деген ойдан аулақпын, әркім өз мүмкіндігіне  жарай киінген, дегенмен қолыңнан келсе қоншыңнан бас дейтіндерде болар. Жасырары жоқ біздер кәрі жас демей Еуропалық үлгіде  киініп жүрміз ғой. Осы орайда қазақи  қысқы киімді алып көрсек. Ер адамдар қасқыр терісі, тау ешкі , жирен , қой терісі және  жылымық үшін ешкі терісінен ішік киген. Сыртқы тысы әр өңді болған, дегенмен баран өңді көптеп ұнатқан. Қыс кезінде түлкі терісінен тымақ киген. Ал күміс белбеу, жай белбеу буынған. Ал аяқ киімге келсек бұлғары етік киіп тігісін тарамыстап қалыпқа салып әзірлеген оны саптама етік деп атаған. Өкшесі орташа болған.  Етіктің артқы өкше тақа үстіне сән үшін тіреме орнатқан. Ұлтан табан сыздығын қайық шегемен шегелеген. Ол суға тисе шірімес үшінгі жасалған амал. Кей жағдайда нәлі орнатқан. Сондай-ақ көктемде, жазда елтірі ішік және қазақша деп аталатын  шапан киген. Олардыңжағалары тік жаға және орама жаға салған. Пұшпақ тымақ, құндыз, бұлғын, сусар терісінен бөрік киген күміс белбеу буынып, кебіс мәсі киген. Әйелдер түлкі, мәлік, қарсақ, қозы елтірісінен ішік киген, тысын торғын торқа , барқыт-манат қатипа деп аталатын бұлдармен тыстаған, қызыл-көк дұрдыннан белбеу буынған. Ал қыз боз бала , жігіттер әсемдеп әртүрлі бұлдардан қыс, жаз, күз мезгіліне орай киінген. Әсіресе қыздар торғын торқадан шапан, ішік киіп қынама бел мешпет киіп қатарма етекті көйлек киген шоқтаған бөрік үкілі кәмшат деп аталған бөрік киген.   Өңі қызыл, жасыл, көк матадан киім киінсе,  қара матадан әйел қыз балаларға арналған әсем етік кебіс мәсі арнайы әзірленеді. Кебістің үстіне көк сауырдан қазақи өрнек ою тапсырған. Құлақтарына алтын, күмістен сырға салған саусақтарына сақина жүзік және екі білегіне білезік салған, боз бала жігіттер де әсем киінген. Бастарына бүктемелі шыт тартып түйіншегін оң жақ шеке тұсына қаратхан, ақ матадан жейде киіп жағасын түрлі өңді жіппен өрнектеген түймелерін екі қатар етіп орнатады, ол сән береді.  Шапан , ішік киіп, күміс белбеу буынып, пұшпақ тымақ киіп, шоқтап үкі тағатын болған. Қазақ көші деп аталатын көші өз сәнімен жарасып тұрады. Уық-керегені қомдап, сарала сандық пен буылған теңдер теңімен артылып жүк үстіне жабылған оюулы сырмақ кілемдері жайнап тұратын. Көштің алдын ауыл әжесі күмістеген ер тоқымды атқа мініп қолына сары ала қамшы ұстаса, қыз боз балалар жорға жүйрік мініп көштен озық, күліп ойнап көш алдында жүреді. Көш басшы аталар қоныс жерін  алдын-ала шалып көш келуін тосып тұратын. Ал бүгіндері қазақ ұлтының киімі сән салтанаты жаюылудың аза-ақ алдында тұр деп  айтсам асыра сілтегенім болмас. Шолақ тон, тар шалбар киіп құлақшыны  жоқ қалпақпен қыс, жазды өткізіп келеміз белбеу буынатын әйел-еркек көрінбейді. Заманы солай-ақ болсын дейік, бірақ өткенімізді жаңғыртайық. Сөз соңында көзге оғаш көрінген мына бір жайды жеке мен емес көптеген адамдар айғайламасада ара тұра сынға алып жүр. Ұлттық той мерекеміз Наурыз кезінде  мінбердегі басшылардың басына киген оюулы тымағы өте ұнамсыз. Ал шапан белбеусіз алыстау жерден көргендерге үстіне қара ала сырмақ жамылғандай көрінеді. Өте көп оюуланған сары ала шапанда мән жоқ оның орнына басшымыз болып басқадай қарапайым халық бәріміз қазақ шапан киіп белбеу буынып басымызға қазақтың, кестелі тақия кепешін киіп  тұрсақ та, жүрсекте ешкім сөге қоймас, жарасымды болады. Жыл 12 айда болатын жалғыз реткі тойда киіне алмасақ қашан киінеміз. Бас қисайса басшы бар деген аталы сөзді ұстана отырып аймақ басшылары болып киім үлгісін тігушілер жалпы халық пен пікірлесе отырып бір шешімге келер деп үміт етемін. Ал әйелдермен қыз келіншектердің ұлы думан тойда киінген киімі және жас жеткіншетердің киім үлгісінде бәлен дерлік қате жоқ. Той думанда киілетін шапан өте көп. Сары ала оюудың орнына қысқа  тас па орнатып түйме тағып өзіне сәйкескен белбеулі болса жарасар еді. Ал басшылар бастарына құндыз бөрік немесе тақия кепеш киіп  тұрса ұнар еді.

Мұсабай қажы

______________ Ұқсас мақалалар ______________

Ұлттық киім және біз мақаласына 5 пікір

  1. beka Ответить

    24 Март, 2011 | 13:38

    jahsi eken

  2. Үмбетәлі МЕЙМЕШ Ответить

    26 Март, 2011 | 08:59

    Ассалаумағалейкум Мұсабай аға? Айтқандарыңыздың бәрі орынды. Сіздің жас мөлшеріңіз қаншада екенін білмеймін. Дегенмен, бүгінде әдеміленіп әшекейленген сылқым қыздар мен бозбала жігіттер жоқ. Бәрі де батыстың мәдениетіне сіңіп барады. Сіз айтқандай оюлы қазақ киімдерін қойып қазақтың әндерін тыңдайтын жастардың саны аз. Ал, басшылардың киімін сөз еткеніңіз, қазақтың оюлы шапандарының сәні өзгермесін деген шығарсыз. «Айта, айта Алтайды, Жамал апам қартайды». Олай болса, бұлай болса дегенше нағыз қазақи нақышпен тігетін киім цехын ашсаңыздар сіз айтқан мінбердегі басшылардың шапаны мен тақиясында едәуір өзгеріс болар ма еді бәлкім?!

  3. kaisar Ответить

    6 Апрель, 2011 | 13:21

    salem
    bari jahsi
    bzdn jastar kazr hip-hop kiym kiied
    kazak kiim aitsan kuledi

  4. 2012 Ответить

    3 Февраль, 2012 | 01:43

    Ассалаумағалейкум Мұсабай қажы, сіз айтқандай оюлы қазақ киімдерін, заманауыйға келтіре отырып тігіп шығарса болар еді, ол қазақтың қолынан келеді емеспе?!

  5. Назгул Ответить

    31 Март, 2012 | 13:50

    Не шеттеріңнен профессор боп кеттіңдер Қолданылған әдебиеттер ҚАЙДА???

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


4 + 4 =

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>